Қай ел, қандай қоғам болмасын қашан да іс тетігін кадрлар шешеді. Қолға алынған кез-келген ауқымды өзекті мәселенің тиісті шешімін табуы кадрдің білімділігі мен біліктілігіне, ұйымдастырушылық қабілетіне байланысты. Аталған жайдың білім беру саласына қатыстылығы ерекше. Қазіргі білім беру жүйесіндегі басты міндет – білім мазмұнына жаңалық ендірудің тиімді жолдары мен әдістерін іздестіру және оларды оқу-тәрбие процесінде орынды жүзеге асыра отырып, әрбір ізденісін педагогика ғылымының жетістіктерімен ұштастыра алатын, кез-келген жағдайда өзінің білімділігі мен ой ұтқырлығы, кісілігі мен ақылдылығы, кәсіби мәдениеттілігі мен кәсіби іскерлігі, шығармашылығы, шеберлігі тұрғысынан озық жүретін жаңа тұрпатты мұғалімдерді даярлау екендігі жиі айтылуда.
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ ДІҢГЕГІ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
М.А. Шауенова (Тараз қ., Казахстан) | Download article