МЕКТЕПТЕ АТОМДЫҚ ФИЗИКА БӨЛІМІНЕН САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

  Бораш Кенжебеков, Венера Успанова (Астана қаласы, ҚазақстанРеспубликасы) |    Download article

Физика бізді қоршаған табиғатты және онда кездесетін процесстер және заңдарды түсінуге мүмкіндік береді. Ал соның ішінде «атомдық физика» бөлімі бізді қоршан әлем туралы тереңірек түсінік береді, себебі әлемде барлығы атомнан құралған. Оқушыларға күрделірек пәндерді түсінуде «Атомдық физика» бөлімін меңгеру негіз болып табылады. Сонымен қатар, оқушыларға мектеп физика курсының аталған бөлімін түсіну ең күрделісі болып есептеледі, оның басты себебі, оқыту барысында көрнекіліктің жетіспеушілігі. Осындай салдардың нәтижесінде оқушының физика пәнінен білім сапасы төмендеп, физика ұғымдарының қалыптасуына, оның құбылыстарын оқып-үйренуде кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Осы сияқты қиындықтардан шығу жолдарының бірі мектепте физика пәнін сапалы оқыту мақсатында атомдық физика бөлімін меңгеру кезінде есеп шығарудың маңыздылығын ескерген жөн.