ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ӘДІСТЕМЕСІ

  Жанерке Нарымбаева, Кунсулу Садуакасова (Астана, Казахстан) |    Download article

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын әдістемелік талдаудың бірыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігімен 12 шілдеде 1995 жылы бекітілген кәсіпорынның баланс құрылымын бағалау тәртібі жөнінде ережелері [1], кәсіпорындарды қайта құру бойынша Агенттілікпен 1995 жылы 5 қазанда бекітілген төлем қабілетсіз кәсіпорынның қаржылық жағдайын терең талдау бойынша әдістемелік нұсқаулары [2], Қазақстан Республикасының «Банкроттылық жөнінде» 21.01.1997 ж. Заңы [3], ҚР Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасында дәрменсіз мемлекеттік кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтандыру, қайта құру мен жою механизмі жөнінде» 07.09.1994 ж. № 1002 қаулысы қабылданған [4]. Қаржылық саясатты өңдеудің негізгі бағыттарының бірі ретінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістемесі ұсынылады. Осы облыста зерттеушілер қатары күн сайын (М. В. Юревич, Н. В. Балихина, А. Ф. Иваненко, А. Синягин, Ю. А. Михайлов, Н. Н. Белоусова и др.) толықтырылып отырады. Ертерек басылып шығарылған әдістемелер толықтырылып және қайта шығарылып (А. Д. Шеремет, Е. В. Негашев, О. В. Ефимова және т.б.) отырады. Бұл, бір жағынан, берілген әдебиетке кең сұраныс жөнінде куә болады. Нарықтық экономикада «қаржылық жағдай» бұл жай сөз тіркесі емес, бұл ұғым потенциалдық серіктерінің сенімділігін, кез келген уақытта өзінің ағымдық қарыздарын төлеу қабілеттілігін, пайданы қуу жолында банкротқа ұшырамауды білдіреді.