Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес, Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға соттардың құқысы жоқ. Егер, сот, қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік акті Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, онда іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. Аталған норма бұрынғы заңдарда болмағанын айта кету қажет.
ЗАҢДЫЛЫҚ - ҰЛТТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕ БІР ӨЗГЕШЕЛІГІ
Гулим Жакупова (Талдықорған, Қазақстан) | Download article