ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ЫРЫМ-ТЫЙЫМДАР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

  С.Е. Каукаева (Тараз қаласы, Қазақстан) |    Download article

Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының [1] қабылдануы да тектен тек емес. Мұнда да экологиялық тәрбиені мен білім тек осы саланың немесе ғылымның мамандарына ғана емес, жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі атап көрсетілген. Халық арасында экологиялық білімді жан-жақты тарату барлық тіршілік иесінің міндеті. Ол үшін мемлекеттен бастап кез келген қоғамдық ұйым, бірлестік, бұқаралық ақпарат құралдары айналысуы тиіс.