МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН МОЛАЙТУ ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

  Гулзат Сембаева (Казахстан, Тараз) |    Download article

Жеке адамның қалыптасуы көбіне педагогикалық ықпал етуге және оның қаншалықты ерте басталуына байланысты. Осыны ескере отырып, біздің елде балалар бақшалары сәбилік және мектепке дейінгі топтарымен бастауыш, орта және жоғары мектептердің іргетасы, аса маңызды буындарының бірі ретінде халық ағарту жүйесіне енгізілген. Балалар бақшасы балалардың жан-жақты дамуын– дене, ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мәселелерін алдына мақсат етіп қояды, оны тілдің үйрету процесі кезінде жүзеге асырады.