ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

  Раушан Байбосынова (Тараз, Казахстан) |    Download article

Жастар – қоғамның қозғаушы күші, ел ертеңі. «Жастарыңды көрсет, еліңнің ертеңін айтайын» деген екен келешегіне алаңдаған бір адамға әйгілі Ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби. Кез келген жеке тұлғаның қоғамдағы орны оның жас күнінде қалыптасып, кірпіші қаланады. Жастар – бүтіндей бір елдің тірегі. Қандай да бір елді жаулап алғың келсе, алдымен жастарының рухын сөндір, санасын аямай ула, радикалды ағымға бағыттап, зомби қылып жібер. Бітті. Олар сенің иелегіңде.