ТОПОНИМДІК ЖҮЙЕДЕГІ АНТРОПОНИМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ

  Осерова Салима (Ақтөбе, Қазақстан) |    Download article

Қазақ топожүйесін қалыптасуындағы антропонимияның көрінісі негізінен, лингвомәдени негізде анықталады. Біз қарастырып отырған Байғанин, Мұғалжар, Ойыл, Темір аудандары топонимдерінің құрамында жеке есімдер мен әулетесімдерден (фамилия) жасалған топонимдер көптеп кездеседі. Негізінен елді мекендер кісінің жеке атымен аталса, бірқатар жерлердің атауында әулетесімі қосарлана айтылады. Жекелеген адамдардың аты жөнімен аталатын географиялық объектілер атаулары сол нақты елді мекеннің негізін қалаған немесе сол төңірегінде тұрған, халық арасында, өз ортасында үлкен беделге ие болған кісі ататары кездеседі. Мысалы: Байғанин ауд. Абай, Байтілеу, Дияр, Қалдайбек, Жданово, Байғанин. Мұғалжар ауд. Алтыншаш, Аманкелді, Байбосын, Дмитриевск, Кузнецовск, Естемес, Ипантау, Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округ, Трошкино, Пушкино, Фенка. Ойыл ауд. Аманкелді, Ахметше көлі, Әжайып түбегі, Әлімбет құмы, Байбике, Бақтыарал, Балуанғали базы, Берсиев, Ботагөз бұлағы, Дайра қорымы, Дәулеттүбек, Екібай, Кәукен, Көсембай, Көмекбай төбе, Жақсыбай, Жұмекен тоғайы, Наурызалы, Самай, Төрәлі, Темір ауд. Игібай, Мырзалы сай, Балуанбаз, Басықара, Кежәлі, Қонжар, т.б. Көрнекті ғалым Э.М.Мурзаев «Елді мекендердің атауларында кісі есімдері, фамилиялары, лақап аты жиі кездесіп отырады дейді» [1;153 б]. Жоғарыдағы мысалдан көрініп отыр антропонимдердің топонимдер орнына жұмсалуын көрсетеді. Өйткені антропонимдер, топонимдер, этнонимдер, гидронимдер өзара тығыз байланысты. Сонымен халықтың тұрмыс тіршілігі, рухани байлығы, мәдени мұрасы, тіпті белгілі бір кезендегі саяси ұстанымы да көрініс тапқан адам аттарының қатысымен жасалған антропонимдерде қандай да тарихи оқиғаның, құбылыстың, жағдайдың болмыс бейнесі көрініп тұрады. Сондықтанда болса керек, діни наным сенім берік орныққан елді мекендер мен жер су, өзен, көл, құдық, т.б. атауларында мифтік бейнелер, пірлер мен әулиелер, тарихи тұлғалар есімдері де кездеседі. Қоғамдық орта, әлеумет өмірінің оқиға, өзгерістері тілдік деректермен таңбаланып, топонимияда өз ізін қалдырып отырған. Осы орайда аймақтағы елді мекен, жер су атауларының негізі ер адамдардың есімдермен аталатынын айту керек. Мысалы: Абай, Амангелді, Байғанин, Дияр,Балуанбаз т.б. ауылдар. Осы заңдылықтың өзі қоғамдық ортада ер адамдардың орны ерекше, салмақты істердің ер азаматтың мойында екенін көрсеткендей, ер адамды қадірлеу, сыйлау, ардақтау.