БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

  Ерден Қалдыбеков (Астана, Қазақстан) |    Download article

Адам баласына толыққанды тұлға ретінде қалыптасуы үшін тәрбиенің үлесі аса ерек. Себебі дұрыс тәрбие бұл сол адам үшін де, сол адам ғұмыр кешіп отырған ортаның (қоғам, мемлекет, ұлт т.б.) жарқын болашағының кепілі. Ал рухани тәрбие ол өз ортасының нағыз жанашыр азаматын қалыптастырушысы. Рухани тәрбие бұл сол ортаға немесе ұлтқа тән рухани құндылықтардың негізінде дариды.