КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ ҚҰЗЫРЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ

  Айгерім Мұсатаева (Талдықорған, Қазақстан) |    Download article

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін дамыту ‒ білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық- заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», ‒ деп атап көрсетті [1].