ҚЫМЫЗ – ШИПАЛЫ СУСЫН

  Улан Умиткалиев, Г.У. Эшбекова (Астана, Казахстан) |    Download article

Қазақ халқының өмірінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. Қазақтар адам мен оның жан серігі болып келетін, астындағы атын құрметтеп, қадірлеген. Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық алуынан алғаш барғанда ат байлауы, ұрыс кезінде жау қоршауында қалған қолбасшыға ат сүйек беріп құтқару, т.б. дәстүрлер жылқының қазақ халқының шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де үлкен мәнге ие болғанын білдіреді. Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп деріптеген болса, ал оның сүтінен алынатын қымыз сусынының адам ағзасына пайдасы жайында да көптеген мәліметтер бере кеткен.