ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ҒҰРЫПТЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

  У.У. Умиткалиев, Сырым Абылкайдаров (Казахстан, Астана)  |    Download article

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялап, жаңа даму жолына түсуіне байланысты оның ішкі мәдени салаларында үлкен өзгерістер болып жатыр. Бұл әсіресе Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасынан тікелей көрініс тауып отыр. 2004 жылдан бері қолға алынып отырған бұл бағдарлама ұлтымыздың тарихқа өркениеттілік тұрғысынан қарауының өлшемі екендігін көрсетеді және де ол Қазақстандағы көптеген ескерткіштердің толыққанды зертелуіне де жағдай жасап, тарих қойнауындағы түйіткілі көп мәселелердің шешімін шығаруға бастама ретінде археологияға да зор серпіліс алып келді. Мемлекеттік қаржыландыруға сай көптеген ескерткіштерде кешенді далалық зерттеулер жүргізіліп, бірқатар нысандардан тың материалдар алынды. Жыл сайын жаңа мағлұматтар алынып, қомақты археологиялық қор жасалынды.