ҚАЗАҚТАРДЫҢ БОСАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДӘСТҮРЛІ ЖӨН-ЖОРАЛҒЫЛАРЫ МЕН РӘСІМДЕРІ

  Айгерим Кабышева (Астана, Қазақстан) |    Download article

Қай халықта болсын отбасы құрған соң балалы болуды арман етеді. Сол сияқты қазақ халқы да бала мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Осыған байланысты көптеген мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, өлеңдер, түрлі шығармалар арналып келеді. Мысалы, «ұрпақ жалғастығы», «отбасы тірегі», «балалы үй базар», «адам ұрпағымен мың жасайды» т.б. сөздерді көп естіп өстік. Қазақ отбасында дені сау бала дүниеге келіп, оның отбасының бір мүшесіне айналуына ері мен әйелі, келіннің енесі, жақын-туыстары бұл үрдіске белсене араласқан. Қазақтарда бала тәрбиесі құрсақтан басталады деп, жас келіннің бойына бала біткеннен бастап енесі оны өз қамқорлығына алып, оны пәле-жаладан, тіл-көзден сақтау шараларын жасай бастайды. Абысын-ажын, ауыл әйелдерін жинап «құрсақ» тойын өткізеді.