КӨЛДЕР ГЕОЖҮЙЕСІНІҢ ТАБИҒИ-РЕСУРСТЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ МОДЕЛІ (Оңтүстік Қазақстан аумағы мысалында)

  Меруерт Мусабаева (Астана, Қазақстан) |    Download article

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстігінде орналасқан. Облыстың су қорларын ірілі-ұсақты 127 өзен (жалпы ұзындығы 5 шақырымдай), 34 көл (көлемі 110 млн. текше метр), 30 бөген (көлемі 6 млрд.текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су көздерін құрайды. Жалпы облыс аумағында жылына орташа есеппен 37 млрд.текше метрге жуық су келіп, осыншама мөлшерде су кетіп отырады.Облыстағы ең ірі және ұзын өзен – Сырдария өзені Қызылорда облысы арқылы Арал теңізіне құяды. Облыс аумағындағы Сырдария өзенінің негізгі саласы Арыс өзені (378 км), ол Алатау мұздықтарынан басталып, жол-жөнекей Боралдай (130км), Ақсу (133 км), Машат (60 км) т.б. көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі өзендер қатарына Келес (102 км), Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады.